Жеңімпаз!

Владислав Голярко

34 жаста, Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылы
Эко-белсенді, «Жақсылықтың бастауы» ЖШС-ның негізін қалаушы «Эко Эволюция» жобасының грантын ұтып, сыйақыға қалдықтарды сұрыптауға арналған контейнерлер сатып алған. Сондай-ақ ауылды қоқыс сұрыптауға үйрету үшін алдымен бірнеше тұрғын үй иелерін сендіріп, контейнерлер орнатқан. Кейін қоқыс үйінділерінің орнында ұқыпты контейнерлер орналасқанын көрген және оған қаржылай бонус алуға болатынын білген өзге де ауыл тұрғындары қалдықтарды сұрыптауға қызығушылық білдірген.
Жоба: «Қайта өңдеуге болатын материалдарды жинау және өндіру үшін Eco Cashback сервистік компаниясын құру»
Жоба туралы: Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату проблемасы бар: қайта өңделетін материалдардың 82% полигондарға жіберіледі. Онда 125 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жинақталған.
Eco Cashback – қалдықтарға байланысты экологиялық мәселелерді шешуге арналған жоба. Бұл жоба кәсіпорындармен, кәсіпкерлермен келісімшарттар жасауға, қалдықтарды сұрыптауды ұйымдастыруға, қайталама шикізатты сатып алуға және сатуға бағытталған.

Экологиялық тақырыптағы алғашқы қазақстандық реалити-шоу

ECO MEKENЭКОМЕКЕН

Ниетіміз - әлемді қорғау

ECO MEKEN

реалити-шоуына өтінім қабылдау аяқталды
Финалистерге дауыс беріңіздер!
Жоба туралы

ECO
MEKENЭКО МЕКЕН

«ECO MEKEN» – экологиялық тақырыптағы алғашқы қазақстандық реалити-шоу. Бағдарлама қатысушылары өз тәжірибесі мен түсірілім кезінде бастан кешкен оқиғалары арқылы барлық үлкен эко-жоба кішігірім жұмыстан басталатынын көрсетеді.

Шоуға 16 үміткер қатысады. Олар түсірілім барысында білімін арттырып, елдің экологиялық хал-ахуалын жақсарту жолында үлкен тәжірибе жинайды.

Реалити-шоудың жеңімпазы өз эко-жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Қатысушылар екі топқа теңдей бөлінеді. Олар жартылай финалға дейін бірге жұмыс істейді. Әр апта сайын топ мүшелері берілген тапсырманы орындауы керек. Тапсырмалар экологиялық мәселелерді шешуге байланысты болады. Берілген шарттарды орындай алмаған топ өз ішінен бір адамды таңдап, жобадан шығарады. Қатысушылар түрлі сыннан өтіп, өз білімі мен күш-жігерін шыңдай түседі және табысқа жету үшін барын салады.

Жоба қатысушыларын іріктеу үш кезеңнен тұрады:
01

Өтінім беру

Бірінші кезеңде үміткерлер онлайн-өтінім тапсыруы керек

02

Іріктеу

Екінші кезеңде арнайы топ интернет арқылы дауыс беру үшін 30 үміткерді таңдап алады

03

Интернет-дауыс беру

Қорытынды кезеңде халықтың берген дауысы арқылы жобаға қатысушылар анықталады

Жобаға қатысу ережесі жайлы ақпаратты жүктеп алу

Еліміздегі ең ауқымды эко-қозғалыстың бір бөлшегі болу жолында өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Ортақ іске өз
үлесіңді қос

Бейнероликті көру

Шығарылымдар